Charles McQuillan/Getty Images
Қазақстан құрамасы үздік ондықтан шет қалды
Париж Олимпиадасының медаль кестесінде Қазақстан құрамасы үзідк ондықтан шет қалды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Байрақты бәсекенің үш күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 12-орынға жайғасты. Олимпиаданың алғашқы күні ату спортынан Ислам Сәтпаев пен Александра Ле қола жүлде алса, дзюдодан Елдос Сметов топ жарды. Ал келесі күні дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев қолаға қол жеткізді.






