Қазақстан және Словения құрамалары арасындағы матч. Фото: Jurij Kodrun/Getty Images
Үш голды да Беньямин Шешко салды
Футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңінде Словениядан жеңіліп қалды.
Бұл матчта 3:0 есебімен Словения құрамасы жеңіске жетті. Үш голды да Беньямин Шешко салды.
Енді Қазақстан құрамасы келесі ойынын 10 қазанда сырт алаңда Аустрияға қарсы өткізеді.
Ал Қазақстан және Словения арасындағы қарымта матч 13 қазанда Алматыдағы Орталық стадионда болады деп жоспарланған.





