Unitedworldwrestling
Медина Қуанышбек Иорданиядағы жарыста жеңіске жетті
Иорданияда 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында күрестен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Қазақстандық спортшы Медина Қуанышбек 46 келі салмаққа дейін күш сынасып, ел қоржынына қола медаль салды. Қуанышбек украиналық Евгения Друзенкомен кездескен болатын.
Осылайша, қыздар командасы әлем чемпионатын үш қола медальмен аяқтап отыр.





